Депутат электр энергиясына арналған тарифтерді теңестіруді сұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісінің бүгінгі пленарлық отырысында депутат Снежана Имашева Үкімет электр энергиясына сараланған тарифтердің күшін жою туралы мәселені қарастыруы үшін gремьер-министрдің орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдады. 

Еліміздің барлық аймақтарында энергиямен жабдықтаушы ірі ұйымдардың электр энергиясына тарифтерін мемлекет реттейді. Реттеуші орган компанияның электр энергиясын сатып алуға және тасымалдауға жұмсайтын нақты шығындарына сүйене отырып, орташа сатудың бірыңғай тарифін қалыптастырады, содан кейін жеке тұлғаларға - тұрғындарға, заңды тұлғаларға - кәсіпкерлерге, бюджеттік ұйымдарға жеке тарифтерді бекітеді. Оның үстіне, алдыңғы үшін – төмен, соңғысына –  жоғары, - деп бастады сөзін депутат Снежана Имашева. 

Ол тарифтерді орнатудың ескі схемасынан бас тартып, тұтынушылардың барлық топтары арасында тарифтерді теңестірген дұрыс болар еді деп санайды.

Оның айтуынша, нәтижесінде, электр энергиясының тұрғындарға арналған төмен тарифтері кәсіпкерлер үшін тым жоғары тариф салдарынан субсидияланатын болады.
Халыққа арналған тарифті кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар есебінен субсидиялау бұрыннан келе жатқан тәжірибе. Және де электр энергетикасы нарығында бәсекелестік болмаған – монополия кезінде де бұл өзін ақтады. Алайда, қазіргі таңда электр энергиясын сататын реттеуге жатпайтын ұйымдар нарықта көп болып кетті. Осы күнге дейін қызметтің бұл түріне 300-ден астам лицензия берілді, олардың 40-қа жуығы ғана реттеліп отыр. Сонымен бірге реттелмейтін ұйымдар бәсекеге түспейді, олар заңды тұлғаларға бекітілген жоғары бағаны пайдаланып қалып отыр. Тұрғындар үшін тарифтерді кәсіпкерлер есебінен үнемі жасанды түрде ұстау оларға арналған тариф құнының үнемі өсуіне әкеледі, - деп түсіндірді халық қалаулысы.

Депутаттың сөзіне сүйенсек, аймақтарға барған әр сапарында кәсіпкерлер жоғары тарифтерге шағымданады екен. Ол «бизнесмендер аймақтар үшін тәуліктік белдеулер бойынша сараланған тарифтерді қайтаруды сұрайды» деді. Соның арқасында олар электр энергиясының төлемдерін біршама төмендетеді екен. 
Алайда, дифтарифтерді қайтармағанымыз әділ әрі дұрысырақ болар еді. Оның орнына ҚР Ұлттық экономика министрлігі белгілейтін ескі тарифтерді белгілеу схемасынан алшақтап, тұтынушылар топтары арасындағы тарифтерді біртіндеп теңестірген орынды болар еді. Содан ғана бизнес үшін электр энергиясының бағасы төмендейді, - деп Парламент депутаты Үкіметке сауал жолдады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы