Депутат Динара Шүкіжанова өкілетін тоқтатты

Respublica партиясынан сайланған депутат Динара Шүкіжанова ҚР Парламенті Мәжілісінен кетеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының сайтында айтылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Динара Аманжелқызы Шүкіжанованың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін, - деп жазылған ОСК қаулысында.

Осыған байланысты оның өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді.

Сонымен қатар, Динара Шүкіжанова Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы