23 Қаңтар 2024 2024, 23:15
Фото: instagram/dinarashukizhanova
Депутат Динара Шүкіжанова өкілетін тоқтатты
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Динара Аманжелқызы Шүкіжанованың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады де
Respublica партиясынан сайланған депутат Динара Шүкіжанова ҚР Парламенті Мәжілісінен кетеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының сайтында айтылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Динара Аманжелқызы Шүкіжанованың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін, - деп жазылған ОСК қаулысында.
Осыған байланысты оның өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді.
Сонымен қатар, Динара Шүкіжанова Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болды.