Депутат дабыл қақты: Құнды заттар шетелге кетіп жатыр

Мәжілістің жалпы отырысында депутат мәдени мұраларға қатысты жаңа заң жобасын таныстырғанда заңсыз қазба жұмысымен айналысатындар туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біз тек ескерткіштерді емес, сонымен бірге тарихи құндылығы жоғары жәдігерлерді де жоғалтып жатырмыз. Құнды заттар шетелге кетіп, “қара нарықта” сатылып жатыр. Көп жағдайда оларды металл іздегіштер мен арнайы құрылғылар арқылы тауып алады, - деді депутат.

Оның сөзінше, осы заң жобасында металл іздегіштер мен осындай құрылғыларды лицензиясыз пайдалануға тікелей тыйым салу ұсынылған.

Бұл тарихи мұрамызды тонаудан, қорғауға бағытталған нақты қадам деп ойлаймыз, - деді Аймағамбетов.

Бұған дейін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Асхат Аймағамбетов археология саласындағы деректер хаосы жайлы айтқан еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив
Өзгелердің жаңалығы