Депутат боқауыз сөздері бар киноларға тыйым салуды ұсынды
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Нұргүл Тау киноларда боқауыз, былапыт сөздер көп екенін айтып, оған заңмен тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бір кездері кино аз дедік, ал бүгінде сапасына үңіле бастадық. Бұл – заңдылық. Соңғы кезде көрерменге ұсынылып жатқан киноларда боқауыз, былапыт сөздер өте көп және біздің ұлттық менталитетімізге сай емес, өрескел әрекеттер болып жатыр. Әсіресе, YouTube, Aitube.kz платформалары арқылы көрсетіліп жатқан қысқаметражды фильмдерден аңғаруға болады. Алғашында адамдардың құлақтарына түрпідей тиетін. Қазіргі кезде ақырындап, олардың еті үйреніп бара жатқанын, қаралым санының артуынан байқалады, - деді депутат.
Нұргүл Тау бұл үлкен трагедия екенін атап өтіп, бұған тыйым салуды, шектеулер енгізуді заң жүзінде қарастыру керек деп есептейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы