Депутат "Біз біргеміз" қайырымдылық қорына қатысты пікірін айтты

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Мәжілістің кулуарында "Біз біргеміз" қайырымдылық қорына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тергеу аяқталғанын күту керек. Сома да қомақты. Әрбір қайырымдылық қорының басшысы халықтан келген әрбір теңге үшін жауапты екенін білуі керек. "Біз біргеміз" қайырымдылық қорының "Amanat" партиясына қатысы жоқ. Қордағы қамқоршылар жас волонтер болды. Бұл үш жыл бұрын болған оқиға. Қазір олар белгілі бір жетістікке жетіп, партия құрамына кірді, лауазымдарға ие болды. Ол кездегі жас балаларды волонтер, белсенді азаматтар ретінде білемін. Пандемия кезінде біз 600 мың азаматқа көмектестік, - дейді депутат.

Бейсенбаевтың сөзінше, халықтың аңқаулығын, сенімділігін қоғамда пайдаланатындар бар.

Бұл осы қорға қатысты ғана мәселе емес. Ондайлар көп. Бүкілін тексеріп, ретке келтіру керек. Өзім қайырымдылық қорларына көмектесіп тұрамын. Бірақ "Біз біргеміз" қорына ақша жібермедім. Су тасқыны кезінде біз партияның атынан көмектестік, - дейді Бейсенбаев.

Еске салсақ, "Біз біргеміз" қорының жетекішісі Перизат Қайрат 1,5 млрд теңгені жымқырды деп ұсталған болатын. Артынша ол 2 айға қамауға алынды. Аталған себепке байланысты Перизат Қайрат Пара үстел теннисі федерациясының президенті қызметінен босатылды.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайраттың ұсталғанына қатысты пікір білдіргені туралы жазғанбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы