Депутат ауылдардағы пошта бөлімшелерінің жабылуына алаңдаушылық білдірді

Сенатор Амангелді Нұғманов Ақтөбе облысының шағын ауылдарындағы пошта бөлімшелерінің жабылуына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл шешім жергілікті тұрғындар мен мәслихат депутаттарының наразылығын туғызып отыр. Сенатор мұндай байланыс торабы нүктелерінің жабылуы әсіресе зейнеткерлер мен халықтың әлеуметтік осал топтарына қатты әсер ететінін атап өтті.

Халық саны аз ауылдық елді мекендердегі бөлімшелерін жабу туралы шешімі наразылық туғызуда. Олар зейнетақы мен жәрдемақы алатын әдеттегі және ыңғайлы жерлерінің орнына, жақын орналасқан ауылдағы пошта бөлімшелеріне, әсіресе қыста, көктемгі жол бұзылған мезгілдерде алыс қашықтықты жүріп өтуге мәжбүр болады, - деп атап өтті Нұғманов.

Сенатор Нұғмановтың пікірінше, «Қазпошта» халқы аз елді мекендерге қызмет көрсетудің тиімсіздігін сылтау еткен жауабы өңірлердің әлеуметтік және экономикалық келешегінен бейхабар екенін білдіреді. Депутат бұл мекеме негізінде халыққа қызмет көрсету үшін жаратылғанын ұмытпау керек екенін атап өтті. Ол сондай-ақ бөлімшелердің жабылуы тұрғылықты жеріне қарамастан барлық азаматтар үшін қызметтерге тең қол жеткізуге бағытталған Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасына қайшы келетінін еске салды.

«Қазпоштаның» рентабельділігін шешуде өзге де жолдарын қарап, ауылдық елді мекендердегі пошта бөлімшелерін қысқартпай, тұрғындарының онсыз да нашар өмір сүру жағдайларын төмендетпей, халықтың қалаларға жаппай көшуін болғызбай шешу жолдарын қарастыруды сұраймыз. Сондай-ақ салалық министрліктеріне әрбір өңірдің ерекшелігін ескеріп, ауылдардың «Экономикалық даму паспортын» дайындауды, кейіннен заң деңгейінде болмаса да, ел Президентінің Жарлығы деңгейінде ауылдық елді мекендер үшін арнайы бағдарлама қабылдауды тапсыру қажет деп санаймыз, - деді сенатор.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы