Депутат: «АрселорМиттал Теміртаудың» басшысын ауыстыру керек

Бұл туралы мәжілісмен Юрий Жулин Үкімет басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, кәсіпорын депутаттар жолдаған сауалдарға да атүсті жауап береді. 

Осы жылдар ішінде «АрселорМиттал Теміртаудағы» апаттар үйреншікті жағдайға айналды. Шахтада ғана 100-ден астам кенші мерт болған. Тексерістерден жүздеген емес, мыңдаған олқылықтар анықталуда. Бұл жағдай қашанға дейін жалғаса береді? Депутаттар Митталдың кәсіпорнындағы проблемалар туралы көптеген сауалға жалтарма жауапты қашанғы ести бермек? Мемлекет пен біздің азаматтарымыз бұл инвесторға ештеңеге міндетті емес, - деп атап өтті депутат. 

Сонымен қатар ол шетелдік инвестор егемендік алған жылдарда Карметкомбинат пен шахталарды сатып алуға жұмсаған миллиард долларларын баяғыда-ақ ақтап алғанын алға тартты. 

Металлург немесе шахтер 50 жасына қарай лайықты зейнетақы жинай алмаса, қандай жалақы алып отыр? Ал кәсіпорын 2014-2015 жылдары 50 млн доллар мемлекеттік қолдау алған. Осы жылдар ішінде Миттал қазақстандық жұмысшылардың еңбек күшін пайдаланып, отандық кәсіпорыннан пайда ғана тауып келеді. Үкімет «АрселорМиттал» біздің заңдарымызды сыйлау мен алған міндеттерін орындауға наразылығын әрі қарай көрсете берсе, оның иесін ауыстыру мәселесін қолға алатын кез келді, - деді Юрий Жулин. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы