Депутат: Алматы облысында Достық үйін салу – оң шешім
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев ҚХА-ның XXXIV сессиясынан кейін инфрақұрылыдық мәселелер туралы айтып, пікірін бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Еліміздегі бірлік пен келісімді сақтауда Ассамблеяның рөлі ерекше. Бүгінгі отырыста президент инфрақұрылымдық шешімдерге де назар аударды. Осы орайда Достық үйін Алматы облысында да салу мәселесін көтерді. Бұл, әрине, оң шешім. Себебі осы өңірде көптеген этнос шоғырланған және ол жақта көптеген ұлт-пен ұлыстың өкілдері бірлікте өмір сүріп жатыр. Достық үйі оларды біріктіретін шаңыраққа айналмақ, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ассамблея Мемлекет басшысы ұсынған бастамаларға дайын
Өзгелердің жаңалығы