Депутат Әбиба Әбужақыноваға көлік мінгізді

Спортшыны Мәжіліс депутаты, кәсіпкер Айдарбек Қожаназаров күтіп алып, астына су жаңа көлік мінгізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әбибаға депутат Kia Ceed маркалы көлігін берді.

Айта кетейік, бұған дейін Айдарбек Қожаназаров Әбибаға жазба арнап, өз атынан сыйақы беретінін айтқан еді.

Түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Оған себеп - Әбиба қарындасымның көз жасы. Бұл намыстың көз жасы. Бұл тектіліктің белгісі. Бұл үлкен тәрбиенің үлгісі! Қысқасы, Әбиба қызымызға өз атымнан арнайы сыйақы беремін. Парижде Қазақстанның абыройын қорғаймын деп барын салды. Жарақат алса да қайтқан жоқ. Осындай еңбекті бағалау керек. Осындай патриоттықты насихаттау керек! Жалғастырайық, қазақтың жігіттері! - деген болатын депутат.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы