Депутат: 50 Cent-тің Қазақстанға айтқан алғысы келекеге айналды

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай Үкіметке жолдаған сауалында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Аманжол Әлтай «50 Cent» деген лақап атпен танымал шетелдік рэпердің Алматыдағы концерті жайлы айтты.

Рэпердің біздің елге қарата әлеуметтік желіде айтқан алғысы келекеге айналды. Қорыта айтсақ, елімізге гастрольмен келген шетелдік әншімен мен шоумендерге аңқау елге арамза молда болып жүрген арзанқол ақыл саудалағыш түрлі коучерлерге ешқандай талғаусыз есігімізді айқара ашып қойдық. Соның зиянды салдарын қазір тартып жатырмыз, - деді депутат.

Мәжілісмен Үкіметке Қазақстанға келетін шетелдік әншілерге талап қою керегін ұсынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы