Депозиттен 400 мың теңге ұрлаған алаяқ ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда өзге адамның депозитіндегі қаражатты ұрлаған адам ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz. 

17 қаңтарда Қарағанды қалалық ПБ Орталық полиция бөліміне 41 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Ол ұялы телефонына мобильді қосымша орнатып беремін деген белгісіз адамға сеніп, ұялы телефонын берген. Ер адам тіпті өтінішті орындаған бейтаныс адамға алғысын білдірген. Біраз уақыттан кейін өтініш берушіге оның депозитінен басқа бір шотқа 400 мың теңге аударылғандығы туралы SMS хабарлама келген. 

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасаған 31 жастағы күдікті ер адамды анықтап, ұстады. 

Ол кінәсін мойындап, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы