26 Шілде 2026, 07:43
Фото: Depositphotos.com
БҚО-да Ресей бағытына апаратын көпірде қозғалыс уақытша шектеледі
Шектеу көліктің барлық түріне қатысты болады.
26 шілдеде Ақтөбе – Орал – Ресей шекарасы (Сырым өткізу бекеті) халықаралық маңызы бар автожолындағы көпірде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы хабарлады.
Батыс Қазақстан облысында Ақтөбе – Орал – Ресей шекарасы (Сырым өткізу бекеті) халықаралық маңызы бар автожолының 247-шақырымында орналасқан Шаған өзені арқылы өтетін көпірде қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты 26 шілде күні сағат 05:00-ден 11:00-ге дейін аталған учаскеде автокөліктің барлық түрінің қозғалысы уақытша шектеледі, – делінген хабарламада.
Жүргізушілерден уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, сапар бағытын алдын ала жоспарлау сұралды.