Халықтың денсаулығы және Денсаулық сақтау жүйесі қайта қаралды
Астана. BAQ.KZ тілшісі. 23 қаңтар күні Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі қатысумен "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" қоғамдық талдау өткізілді.
Қоғамдық талдауда Кодекс жобасымен ұсынылған жалпы бизрес-қоғамдастық және қоғам мүддесін қозғайтын мәселелер көтерілді.
Оған:
1. Саулдадағы сатылымды шектеу(фаст-фуд, зиян азық-түлік өнімдерін жарнамалауға тиым салу, темекі өнімдерін сөреден алу, арнайы және қоғамдық жерлер, жеке қолданыстағы автокөлік ішінде темекі шегуге тыйым салу);
2. Темекі және алкоголь өнімдерін өндіретін компаниялардың акцизді салығынан "Денсаулық қорын құру";
3. Санитарлы-экидемиялы проблемалардың аудитін қарау;
"Бизнес-қоғамдастық білім беретін мекемелердің радиусында темекі сатуға болмайтын 100 метрлік аймақты енгізу, сонымен қатар темекі өнімдерін ауданы 10 шаршы метрден кем сауда нүктелерінде сатуға тыйым салуға алаңдатушылық пен сұрақтар туындап отыр. Ретейлдердің болжамына сәйкес бұл шектеулер « тез қолжетімді» мындаған дүкеннің банкроттыгына әкеліп соғады, бұл сауда нүктелер табысының 30-40%-ы темекі өнімдерін өткізуден түседі. Экономикалық тұрғыдан үлкен сауда алаңынан ұстау негізсіз келетін ауылдық жерлерде дүкендердің 90%-ы шектеуге ілініп қалады. Республика бойынша «100 метрлікке» жалпы түрлі форматтағы 49 мың сауда нүкендердің 80%-ы ілігіп отыр. Бірнеше жыл бұрын тура осындай норма алкоголь өнімдеріне енгізілген болатын. Алайда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерге байланысты алынып тасталды. Сонымен қатар темекілерді витринаға қоюға тыйым салу шағын кәсіпкерлер үшін өте қымбатқа соқпақ. Жалпы алғанда сауда нүктелерін қайта жабдықтауға қатысты мұндай шығындар 180 000 теңгеден басталады" - дейді "Талап" қолданбалы зерттеу орталығының директоры Рақым Сәкенұлы.
Ұсынылып отырган тыйымға түскен саудагерлердің бір бөлігі өнімдерді сатуды жалғастырады.
"Осыған байланысты саудадағы шектеулер бойынша мәселелер барлығына, әсіресе шағын және орта бизнеске, бюджет түсімдеріне, жалпы қарапайым ересек тұтынушылар үшін ауыр тиеді. Кодекс жобасы шеңберінде құрамында шамадан тыс тұз, қант және транс майлар бар өнімдер жарнамасына тыйым салуды енгізу ұсынылған. Өз кезегінде тамақ өнімдері белгіленген стандарттарға сай және «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» стандартына сәйкес келеді, бұл жайт өнімдерде тұз, қант және трансмайлардың шамадан тыс болмайтынын көрсетеді. Бұған коса Кодекс жобасы шеңберінде тамақ өнімдерінің «зияндығын»: бұл қандай өнімдер, өнімде зиян заттардың қандай мөлшері қатерлі, қандай мөлшері рұқсат екенін анықтау әдістемесі құрылатын болады. Осы ретте жүргізілген реттеушілік әсер талдауы шеңберінде теле- және радио бағдарламаларда жарнаманы жергілікті уақытпен сағат 7:00-ден 22:00-ге дейін шектеу мәселесі талқыланған болатын, ал Кодекс жобасында жарнамаға (БАҚ, баннерлерге және т.б.) толық тыйым салынған"- дейді Рақым Сәкенұлы.
Кодекс жобасы шеңберінде денсаулықты қорғау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау жөніндегі алдын-алу іс-шараларын, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар үшін қаржыландырудың қосымша көздерін қалыптастыруға бағытталған Денсаулық қорын құру ұсынылған.
Осы ретте қаржыландыру темекі мен алкоголь өнімін өндіретін компаниялар төлейтін аударымдар есебінен жүргізілмек.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Кодексі шеңберінде осы компанияларды акциз ставкасынан 2% мөлшеріндегі қаражатты аударуды жүктеу көзделген.
Қазақстандағы акциз ставкасының айтарлықтай мөлшерін есепке ала отырып, алдын-ала зерттеу бойынша Денсаулық қорына жыл сайынғы төлемдер көлемі 5-6 млрд теңгені құрайтын болады.
Темекі мен алкоголь өнімдерін өндірушілердің бүгінде салықтық ауыртпалығы жоғары, онда акциздің өзі өнімнің өзіндік кұнында 50-60%-ын құрайды.
Осыған байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне ұсынылып отырған Денсаулық қорын қаржыландыруды бюджеттік төлемдер есебінен және бизнеске қосымша ауыртпалық салмай қайта қарау ұсынылады.