Денсаулық сақтауға қатысты жаңа заң білікті мамандардың саладан кетуін азайтуға бағытталған – ДСМ

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыру кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Денсаулық сақтау министрлігі Заң жобасы шеңберінде медицина немесе фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық құқық бұзушылықтарды ізгілендіру және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 317-бабының санкциялық шараларын төмендету бойынша нормаларды ұсынды. Мысалы, денсаулыққа байқаусызда орташа және ауыр зиян келтіргені үшін айыппұл мөлшерін және қамауға алу мерзімін азайту, денсаулығына ауыр зиян келген немесе пациент қайтыс болған жағдайда «бас бостандығынан айыру» жазасының мерзімін қайта қарай отырып, «бас бостандығын шектеуге» ауыстырылсын, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Айтуынша, заң жобасын әзірлеу кезінде халықаралық тәжірибелер зерттелген. 

Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың ұсынылып отырған моделі және кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жазаларды ізгілендіру бірінші кезекте азаматтардың құқықтарын қорғауға, медициналық қызметтерді алу кезінде денсаулығы мен өміріне келтірілген зиянды өтеуге, сондай-ақ медицина қызметкерлерін заңдық және қаржылық қорғауға, науқасқа көмек көрсету кезінде қызметі қоғамдық-пайдалы тәуекелмен байланысты саладағы жоғары білікті мамандардың кетуін азайтуға бағытталған. Әртүрлі құқықтық жүйелердің болуына байланысты шетелдік заңнаманың талдауы сапасыз медициналық қызмет көрсету кезінде медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін реттеу үшін түрлі тәсілдердің бар екендігін көрсетеді, - деді Денсаулық сақтау министрі. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы