Денсаулық сақтау жүйесін дамытуға 2 млрд теңге инвестиция тартылады
Павлодар облысында Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауында айтылған міндеттемелерді орындау бойынша шаралар жоспары қолға алынды. Басымдық берілген бағыттардың бірі – денсаулық сақтау жүйесін дамыту бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы ресурстарды тарту, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
Облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жамбайбектің айтуынша, өңірде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы 18 нысанды жаңарту және жөндеу жүргізілді. Жалпы сомасы 4,7 млрд теңгеге 100-ден астам медициналық құрал-жабдық сатып алынды.
Келесі жылы 2 млрд теңгеден астам сомаға жеке инвестицияларды тартып, денсаулық сақтау нысандарын ғимараттарды жаңғырту және жөндеу үшін денсаулық сақтау нысандарын сенімгерлік басқаруға беру бойынша үш жоба жүзеге асырылады. Медициналық көмек топтамасының жаңа үлгісі ел Парламентінің қарауында. Бұл шара тегін медициналық көмек берудің кепілдік көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды қамтитын бірыңғай топтапа қалыптастыруды көздейді. Медициналық көмектің тиімділігін арттыру мақсатында келесі жылдан бастап D және E санатындағы тұлғалар мен жұмыссыз азаматтар үшін МӘМС үшін жарналарды төлеу жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен жүзеге асыру жоспарлануда, - дейді Дәурен Жамбайбек.
Ресми дерек бойынша бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін 23 мың тұрғынды қамту үшін 1,7 млрд теңге қарастыру қажет. Айта кетейік, бүгінгі таңда облыстың барлық медициналық ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйе бойынша жұмыс істейді. Ал келесі жылы салалық министрліктің eHealth бірыңғай жүйесіне біріктіру жоспарланған.