Денсаулық сақтау вице-министрі Ардақ Амангелдиев Маңғыстау облысына барды

Денсаулық сақтау вице-министрі Ардақ Амангелдиев Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында медициналық ұйымдардың бас дәрігерлерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Звира Есбергенованың төрағалығымен өткен Денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысына қатысты.

Әрі қарай вице-министр облыстық балалар ауруханасында болып, операциялық, реанимациялық және клиникалық-диагностикалық бөлімшелердің жұмысымен танысты.

Келесі нысандар Қарақия ауданындағы орталық аурухана мен емхана болды.

Қарақия аудандық орталық ауруханасы 55 төсек-орынмен қамтылған, аудан тұрғындарына медициналық көмек көрсетеді. Мұнда терапевтік, хирургиялық, инфекциялық, педиатриялық және перзентхана бөлімшелері орналасқан. Ал, емхана бойынша жобалық қуаты бір ауысымда 250 келушіні құраса да, іс жүзінде ол 430 пациентке қызмет көрсетуде. Яғни, ауруларды басқару бағдарламасы (ПУЗ), патронаждың әмбебап прогрессивті моделі (УПМП) диспансерлік есепте тұрған науқастарға көңіл бөлу арқылы келушілер саны артты. Сондай-ақ емхана құрамында 21 дәрігер жұмыс істейді, оның ішінде 11 мамандық бойынша клиникалық-диагностикалық бөлімше – невропатолог, офтальмолог, нарколог, психиатр, хирург, кардиолог, гинеколог, инфекционист, онколог, пульмонолог, стоматолог, 30 төсектік емхана жанындағы күндізгі стационар", - деді Қарақия аудандық ауруханасының директоры Шәміл Нәдір.
 

Бұдан әрі вице-министр Қарақия ауданының тұрғындарымен кездесіп, медициналық көмектің сапасын арттыру және қолжетімділігін жақсарту жөніндегі ведомствоның жұмысы туралы баяндады. Алғашқы медициналық-санитарлық қызметтің (МСАК) рөлін атап өтіп, денсаулық сақтауды дамытудың бірнеше басым бағыттарын атап өтті.

Медициналық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету және оларды қамтуды кеңейту, ауыл медицинасын дамыту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту-ауқымды қызмет. Осыған сәйкес барлық күш - жігерді медициналық қызметтердің сапасына бағыттауды тапсырамын, - деді Ардақ Амангелдиев.

Аудан тұрғындарымен кездесуден кейін вице-министр кейін Ардақ Амангелдиев «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде Аппақ ауылында салынып жатқан 40 келушіге арналған фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысымен егжей-тегжейлі танысты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы