Денсаулық сақтау министрлігі сұранысқа ие ТОП-5 дәрігерді атады

Биыл Қазақстанда алғаш рет денсаулық сақтау жүйесінде дәрігерлердің көбеюі байқалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрлік дерегінше, соңғы 2 жылда емханалар деңгейінде де, стационарларда да дәрігерлер тапшылығы 23%-ға азайған. Дегенмен тапшылық та бар.

Бүгінгі таңда анағұрлым сұранысқа ие медициналық мамандықтардың ТОП-5-тігіне терапевтер, рентгенологтар, анестезиолог-реаниматологтар, хирургтар және акушер-гинекологтар кіреді. Одан кейінгі орында педиатрлар, кардиологтар, психиатрлар және реабилитологтар тұр, - деді брифингте ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.

Ол еліміздің денсаулық сақтау жүйесіндегі бос тұрған жұмыс орындарын саралау барысында мамандар тапшылығы қанша адам екенін да айтты.

Мемлекеттік саладағы дәрігерлер тапшылығы 4864 адам болса, оның ішінде қалада 3742, ауылдық жерлерде 1121,50 дәрігер жетіспейді, - деді ол.

Айта кетсек, бүгінде еліміздегі барлық медициналық ұйымдарда түрлі профильдегі 81 мың дәрігер жұмыс істейді, медицина қызметкерлерінің жалпы саны - 271 929 адам.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы