Денсаулық сақтау министрлігі елде қанша вакцина барын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мәжіліс депутаттарының азаматтардың барлық санаттары үшін, оның ішінде ревакцинация үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакциналардың жеткілікті санын қамтамасыз етуге қатысты жолдаған депутаттық сауалдарына жауап берді.
2021 жылғы ақпаннан бастап өңірлерге 27 млн астам вакцина, оның ішінде «Спутник V» вакцинасының І компонентінің 6,4 млн дозасы және ІІ компонентінің 6,4 млн дозасы, «QazСovid-in» (QazVac) вакцинасының 2,9 млн дозасы, «Hayat Vax SARS-CoV-2 Vero Cell» (Синофарм) вакцинасының 1 млн дозасы, «КоронаВак» (Синовак) вакцинасының 500 мың дозасы, «Синофарм» вакцинасының 4 млн дозасы, «Комирнати» (Pfizer) вакцинасының 4 млн дозасы және «Спутник Лайт» вакцинасының 150 мың дозасы жеткізілді, - деді министр Ажар Ғиният.
Денсаулық сақтау саласы басшысының мәліметінше, 2021 жылдың тамыз айынан бастап елімізде халықтың барлық санатына ДДҰ мақұлдаған КВИ-ге қарсы «Sinopharm» (Қытай) вакцинасын және 12-ден 17 жасқа дейінгі жасөспірімдерге, жүкті және лактация кезеңіндегі әйелдерге «Комирнати» (Pfizer) вакцинасын алуға қолжетімді.
Бүгінгі таңда барлық өңір вакциналардың осы түрлерінің жеткілікті көлемдерімен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар бүгінгі күні КВИ-ға қарсы вакцинаның 2,5 млн дозасы, оның ішінде «QaсVac» вакцинасының 500 мың дозасы және «Sinopharm» вакцинасының 2 млн дозасы сатып алынды, - деп түсіндірді министр.