Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек қобдишасының құрамын жаңартты
Денсаулық сақтау министрлігі үлкен функционалдылық пен қолжетімділікті ескере отырып, медициналық алғашқы көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек қобдишасының құрамын жаңартты, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түркия, Германия, АҚШ, Оңтүстік Корея және басқа елдердің халықаралық тәжірибесі ескеріле отырып, дәрі-дәрмек қобдишасының құрамына мыналар енгізлді: дәке таңғыштар (стерилді және стерилді емес), эластикалық бинттер, таңғыш пакет, медициналық бұласыр, доғал қайшы, металл, өкпені жасанды желдетуге арналған қалта маскасы,таңуға арналған касынка-бандаж, құтқару көрпесі, бір реттік мұз пакеті, ысқырық, шам, дәрі-дәрмек қобдишасына арналған футляр, блокнот, қарындаш, дымқыл майлықтар (антисептикалық), қолғаптар, шендеуіштер және зардап шеккен адамға медициналық алғашқы көмек көрсету бойынша пайдалану жөніндегі ұсынымдар.
Бұйрыққа сәйкес дәрі-дәрмек қобдишасы жеке қажеттіліктер мен сұранымдарға сәйкес пайдаланушының қалауы бойынша толықтырылуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн.
Өнеркәсіптік объектілерде дәрі-дәрмек қобдишасының құрамы қолдану жөніндегі нұсқаулықты қоса бере отырып, зиянды немесе қауіпті өндірістік факторларға байланысты зардап шеккен адамның денесінің зардап шеккен учаскесін шұғыл өңдеуге арналған құралдармен (антидоттармен) толықтырылады.
Дәрі-дәрмек қобдишасының жаңа құрамы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 10 шілдедегі бұйрығымен бекітілді.