Денсаулық сақтау министрімен қалай кездесуге болатыны айтылды
Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың өтініштері мен қабылдауы бойынша есеп береді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың өтініштері мен қабылдауы бойынша есеп береді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2023 жылдың 1 жартыжылдығында ведомство "Е-Өтініш" АЖ, "Documentolog" АЖ, ДСМ ресми интернет-ресурсы, Денсаулық сақтау министрінің "Ашық диалог"порталының блог-платформасы арқылы келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың 15 мыңнан астам өтініштерін қарады.
Сондай-ақ ДСМ ресми интернет-ресурста бекітілген және орналастырылған кестеге сәйкес 1 жартыжылдықта Министрлік басшылығының 37 қабылдауы ұйымдастырылды, 314 адам қабылданды.
Сонымен қатар, Министрліктің ресми интернет-ресурсында орналастырылған 74-37-27 "Сенім телефоны" және 74-32-43, 74-32-40 анықтама телефондарының жұмысына қатысты 2400-ден астам қоңырау қабылданды, ал Министрліктің Қоғамдық қабылдау бөлмесінде 478 өтініш беруші қабылданды.
Өтініштерді талдау негізінде ең өзекті мәселелер бөлінеді:
- денсаулық сақтау және санитария саласындағы өтініштер бойынша жоспардан тыс тексеруді ұйымдастыру;
- амбулаториялық-емханалық көмек;
- дәрілік заттарды қазақстандық дәрілік формулярға қосу;
- мүгедектігі бар адамдарға медициналық қызмет көрсету.