Денсаулық сақтау министрі Ресеймен шекаралас "Қарақоға" бекетіндегі жағдаймен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында қазақстандық және шетелдік азаматтардың шекарадан өту тәртібімен және карантин режимін сақтаумен танысу мақсатында "Қарақоға" шекара бекетінде болды. 

Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.

Министр Қазақстандағы тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтау мақсатында COVID-19 ауруының ықтимал өсуіне дайындық және карантиндік шараларды сақтау қажеттілігі мәселелерін көтерді.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қызметкерінің мәліметтері бойынша, шекарадан өткен 100 адамға ревакцинацияның болмауына байланысты шамамен 3-4 адам вакцинация мен  тікелей постта ПТР тест тапсырады. 

Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ағымдағы жылдың 11 сәуірінен бастап Ресей Федерациясымен, Өзбекстан және Қырғызстан республикаларымен құрлықтағы өткізу пункттерінде ҚР азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдіктер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту бойынша шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы