Денсаулық сақтау министрі елдегі эпидахуал туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, жалпы еліміз бойынша аурушаңдық деңгейі соңғы екі айда 3,8 есеге төмендеген.
Ал өлім-жітім 2,4 есеге азайды. Әлемдік рейтингке сәйкес, 222 мемлекеттің арасында Қазақстан аурушаңдық көрсеткіші бойынша 105-орында, өлім-жітім көрсеткіші бойынша 101-орында. Бүгінгі таңда елдің екі өңірі – Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстары «қызыл» аймақта. 5 өңір – Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Атырау облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы «сары» аймақта, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.
Сонымен қатар қалған 10 өңір «жасыл» аймақта тұр. Репродуктивтілік саны 0,96-ны құрайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атамқұлов ауызсумен қамту деңгейі ең төмен 4 өңірді атады
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы