Денсаулық министрі: Біз 5 млн маскаға резерв құрдық

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрлігінің тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталығына көптеген азаматтар қоңырау шалып, өздерін алаңдатқан сұрақтарын қойып жатыр. Соның бірі – әуежайдағы қазақстандық жолаушыларды маскамен қамтамасыз етуге қатысты сауалдар легі жетерлік.

Бұл орайда, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бүкіл медициналық және санитарлық қызметкерлерге де, халыққа да маскалар жеткілікті екенін бүгінгі баспасөз брифингінде мәлім етті. 
Біздің call-орталыққа қоңырау шалған кейбір азаматтардан көптеген сұрақтар келіп жатыр. Әрине, біріншіден, мемлекеттік шекарадан өткенде әуежайларда жолаушы азаматтарды маскалармен, яғни бетпердемен қамтамасыз ету бойынша. Осындай сауал келіп түсті. Бүгін біз бұл мәселені қарастырып, шешуге тырысамыз, - деп айтты Елжан Біртанов. 
Министр отандық медициналық жүйенің осы жағдайға дайын және әрі қарай жұмыс жасап жатқанын хабарлады. Қазіргі күні Қазақстанда 5 млн маскаға арнайы резерв құрылған.
Біз жыл сайын Қазақстанда 2 миллионға жуық маскаларды қабылдап аламыз. Оның көбісі, әрине – медициналық мекемелерде. Қазіргі күні біз 5 млн маскаға резерв құрдық. Шетелден тағы қосымша маскалар алу бойынша жұмыс жүргізілуде. Біздің жоспар бойынша бүкіл медициналық және санитарлық қызметкерлерге де, халыққа да маскалар жеткілікті болады, - дейді ведомство басшысы.
Еске сала кетейік, косыған дейін Біртанов Қытайдан дене қызуымен келген 54 адамның 16-сы ауруханадан шыққаны туралы айтты. Министр Қазақстанда бірде-бір коронавирус жұқтырған адам жоқ екенін де айтты. 










Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы