Денсаулық елшілері дүниежүзілік денсаулық күнін атап өту мәселесін талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында Қазақстан Республикасының алғашқы Денсаулық елшілері Марат Жыланбаев және Ибрагим Ескендірмен кездесу өтті.

Іс-шара барысында 2019 жылы «Баршаға денсаулық» ұранымен өтетін Дүниежүзілік денсаулық күнін (7 сәуір) атап өту мәселесі талқыланды.

«Әрине, үгіт жүргізу және үндеу тастау маңызды, бірақ әрқайсымыз сауықтыру акцияларына, спорттық-бұқаралық және басқа да іс-шараларға жеке қатысуымыз қажет», - деп атап өтті жиынға қатысушылар.

Нұр-Сұлтан қаласында Дүниежүзілік Денсаулық күні ДДСҰ, Денсаулық сақтау министрлігі, ҚДСҰО өкілдерінің және Денсаулық елшілерінің қатысуымен АҚДМ-нің Орталық коммуникациялар қызметі базасында брифингтен басталады.  

5 сәуірде еліміздің барлық мектептерінде жаппай жаттығу өтеді. Жаттығуды өткізу мақсаты – ересектердің позитивтік үлгісімен балалар мен жасөспірімдер арасында денсаулыққа қатысты жауапты, қауіпсіз мінез-құлықты дамыту.

Мысалы, Денсаулық елшісі, Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко бұл күні Ақмола облысы Жақсы ауданындағы екі мектепте болады; Денсаулық елшісі, Гиннес рекордтар кітабының 7 дүркін рекордсмены Марат Жыланбаев Нұр-Сұлтан қ. №83 мектеп-гимназиясында болады; Денсаулық елшісі, ProBox және WBS Asia нұсқасы бойынша ТМД чемпионы Ибрагим Ескендір астананың №10 мектеп- гимназиясында болады.

Олар балалармен бірге жаттығу жасайды, бұдан бөлек, бір-бірінің қолын ұстап, барлығының дені сау болуына қолдау білдіру үшін адамдар тізбегін жасайды.


ҚР Денсаулық елшілері өздерінің негізгі қызметі аясында денсаулық үшін қимыл-қозғалыс белсенділігінің артықшылығы, күнделікті дене белсенділігінің ерекшелігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізетіндігін және балалар мен жасөспірімдерді салауатты өмір салтына тартуда үлгі көрсететінін айта кету керек.

 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы