Денсаулық, білім, қаржы, адам капиталына қатысты шаралар қабылданады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов еліміздің әлеуметтік саясаты, білім беру жүйесі мен денсаулық сақтау салаларында қолға алынатын өзгерістер туралы баяндады.

Ведомство басшысы ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмалары аясында қолға алынатын іс-шаралармен таныстырды. Руслан Дәленовтің айтуынша, осы жылдың 1 шілдесіне дейін еліміздің зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша жаңа тәсілдер әзірленбек.

Әлеуметтік саясат бойынша әлеуметтік саладағы заңнамаға түгендеу жүргізілетін болады. Осы жылдың 1 шілдесіне дейін елдің зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша тәсілдер мен шешімдер әзірленетін болады. Денсаулық сақтау саласында медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша шаралар, оның ішінде Денсаулық кодексі қабылданады. Кодекстің жобасы ашық және кеңінен талқыланады. Білім беру бойынша педагогтарды даярлау жүйесін жетілдіру жөнінде шаралар қабылданады. Ғылыми-өндірістік кластерлер құру және адами капиталды дамыту бойынша ұсыныстар әзірленетін болады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес осы жылдың 15 мамырына дейін ортамерзімді экономикалық даму жоспары қабылданатын болады. Жұмыс тобы әзірлеген негізгі шаралар жоспарға енеді. Әрбір орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган белсенді қатысады. Жоспар жобасын мазмұнды пысықтау үшін сараптамалық қауымдастықтың кеңінен талқылуына шығарылады. Жұмыс органы ретінде Ұлттық экономика министрлігін айқындау ұсынылады. Осылайша мемлекет басшысының тапсырмаларын іс жүзінде іске асыру қамтамасыз етіледі, - деді ұлттық экономика министрі Үкіметтің кезекті отырысында.

Бұған дейін ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмаларды орындау аясында орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық даму жоспарын әзірлеу қажеттігін айтқан болатын.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов еліміздегі кәсіпкерлік пен бизнеске қолдау көрсету мақсатында 2020 жылы қолға алынатын іс-шаралар аясында "Бизнеске арналған үкімет" бірыңғай терезесі құрылатынын баяндады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы