Денис Тен мемориалы: Михаил Шайдоров қысқа бағдарламадан соң көш бастады

Алматы қаласында даңқты отандасымыз, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тенді еске алуға арналған Challenger сериясындағы 6-шы жарыс өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ерлер арасындағы жекелей сында отандасымыз Михаил Шайдоров қысқа бағдарламадан кейін 1-орынға жайғасты. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері 95.01 балл жинады.

Ерлер, қысқа бағдарлама:

1. Михаил Шайдоров (Қазақстан) - 95.01 балл
2. Ника Эгадзе (Грузия) - 87.58 балл
3. Джейсон Браун (АҚШ) - 86.61 балл
...
7. Диас Жиренбаев (Қазақстан) - 77.14
16. Никита Кривошеев (Қазақстан)
17. Олег Мельников (Қазақстан)

Әйелдер, қысқа бағдарлама:

1. Хэин Ли (Оңтүстік Корея) - 64.78 балл
2. Мадлен Шизас (Канада) - 55.55
3. Джозефин Ли (АҚШ) - 54.15
...
6. Амира Ирматова (Қазақстан) - 47.22
7. Нұрия Сүлеймен (Қазақстан) - 44.95
9. София Фарафонова (Қазақстан) - 42.47
10. Вероника Коваленко (Қазақстан) - 39.57
11. Русалина Шакрова (Қазақстан) - 30.5

Айта кетейік, әйелдер арасындағы еркін бағдарлама бүгін өтіп, жүлдегерлер белгілі болады. Ал ерлер ертең мұзайдынға шығады.

Кеше турнирдің салтанатты ашылуына ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қатысты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы