Denis Ten Memorial Challenge: Олег Мельников турнирді 7-орынмен аяқтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада жүлдегері Денис Тенді еске алуға арналған Denis Ten Memorial Challenge халықаралық турнирі жалғасуда. 

Еліміздің намысын қорғаған мәнерлеп сырғанаушы Олег Мельников жасөспірімдер арасындағы қысқа бағдарламада  7-орын алды. Көрсеткен өнері үшін конькиші 52,62 ұпай иеленді.

Бірінші орынды ресейлік Владислав Дикиджи (78,96) иеленді.  Екінші орында оның отандасы Семен Соловьев (69,45) алды. Үштікті  Израиль өкілі Лев Винокур 68,98 ұпаймен толықтырды. 

Тағы бір қазақстандық Артур Смағұлов 46,06 ұпаймен 9-орында тұрақтады.

Жасөспірімдер арасындағы сайыстың нәтижесі: 


 1. Владислав Дикиджи (Ресей) – 78,96

 2. Семен Соловьев (Ресей) – 69,45

 3. Лев Винокур (Израиль) – 68,98

 4. Федор Зонов (Ресей) – 68,67

 5. Николай Угожаев (Ресей) – 67,57

 6. Иван Попов (Ресей) – 61,51

 7.Олег Мельников (Қазақстан) – 52,62

 8. Егор Марченко (Эстония) – 47.11

 9.Артур Смағұлов (Қазақстан) – 46.06.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы