Денис Теннің сценарийі бойынша түсірілген фильмнен үзінді пайда болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денис Теннің сценарийі бойынша Тимур Бекмамбетов түсірген «Слепая любовь» атты фильмнің алғашқы тизері жарық көрді. 

Бұл туралы Tengrinews жазды.


«Фильмнің премьерасы келесі жылы болатын шығар. Әзірге қай уақытта өтетінін нақтыламадық. Фильм Голливудта түсірілді. Танымал Голливуд актерлары түсті. Кішігірім тизер турнир кезінде көрсетілетін болады», - деді Теннің анасы Оксана Тен. 

Бұған дейін Алматыда Сочи Олимпиадасы мен әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері, Дүниежүзілік Универсиада мен Азия ойындарының жеңімпазы Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир өтетіні туралы хабарлағанбыз. 

«Слепая любовь» – бұл диджитал құрылғылар арқылы түсірілген қыз бен жігіт арасындағы қарым-қатынасты баяндайтын оқиға. Тимур Бекмамбетовтың BAZELEVS компаниясы фильмді түсіруді қолға алған. Аталмыш картина коммерциялық мақсатта түсірілмеген. 

Айта кетейік, Қысқа ғана ғұмырында көптеген биік белестерді бағындырып, талай игі істердің басы-қасында жүрген Денис былтырғы жылдың жазында Алматы қаласында қандықол қарақшылардың қолынан қаза тапты. Ол не бәрі 25 жаста еді.    

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы