Денис Полубояринов Азия рекордын жаңартып, чемпион атанды
Қазақстандық ауыр атлет Денис Полубояринов Астанада өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Ол 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, бәсекелестерінен озып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Денис қоссайыстың қорытындысы бойынша 376 келіні (163 келі – жұлқа, 213 келі – серпе) көтеріп, жарыста топ жарды. Сонымен қатар, ол серпе көтеру жаттығуында Азия рекордын жаңартты.
Күміс медаль өзбекстандық Руслан Рахматжоновқа бұйырды, оның нәтижесі 345 келі (155+190). Қола жүлдені Бахрейн атлеті Джон Мурилло еншіледі (334 келі).
Полубояриновтың бұл жеңісі – Қазақстан ауыр атлетикасының халықаралық аренадағы жоғары әлеуетін тағы бір дәлелдейтін жарқын көрсеткіш.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы