Денис Кузин Төрт құрлық чемпионатында «алтын» алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Канаданың Калгари қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден Төртқұрлық чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы да жүлдемен толықты.
Ұлттық Олимпиада комитеті мәлім еткендей, ерлер арасында 1000 метрге жарысудан қазақстандық Денис Кузин алтын жүлдегер атанды.
Ол АҚШ және Тайпей спортшыларының алдын орады. Әйелдер арасында 1000 метрге жүгіруден Екатерина Айдова жеңімпаз – Тайпей спортшысынан 1.04 секунд ұтылып, күміс медаль иеленді.
Ерлер арасындағы командалық жарыста Канадаға есе жіберген Қазақстан құрамасы екінші орыннан көрінді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еліміздің эко-белсенділері Қайыңды көлін қорғауға шақырды
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы