«Дені сау ұлт». Ұлттық жобадан не күтеміз?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде Үкіметтің 2021 жылғы 12 қазандағы қаулысымен «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасы қабылданғаны белгілі.
Алдағы 4 жыл ішінде - 2025 жылға дейін әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды қамтамасыз етуді көздеп отырған ұлттық жобадан не күтеміз?
4 басым бағыт
1-бағыт – қолжетімді және сапалы медициналық көмек көрсету
2-бағыт – Эпидемиологиялық болжау мен ден қоюдың қазіргі заманғы жүйесін қалыптастыру
3-бағыт – отандық өндірістің қолжетімді дәрілік заттары мен медициналық бұйымдар
4-бағыт – салауатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін арттыру және бұқаралық спортты дамыту.
Ұлттық жоба мыналарды көздейді:
• Халықты денсаулық сақтау қызметтерімен кеңінен қамтуды қамтамасыз ету
• Жүкті әйелдердің денсаулығын сақтау және балалардың денсаулығын нығайту
• Кадрлық әлеуетті нығайту
• Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары – әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілікке негізделген.
• Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп үшін ғылыми және кадрлық әлеуетті өсіру мен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың отандық өндірісін дамыту
• Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары – әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік пен профилактикалық медицина аурулардың алдын алудың негізгі құралына айналдыру
• Дене шынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы.
Күтілетін әлеуметтік әсер:
• Азаматтардың өмір сүру ұзақтығын 2020 жылғы 71,37 жастан 2025 жылы 75 жасқа дейін ұлғайту
• Халықтың медициналық қызметтер сапасына қанағаттану деңгейін 2020 жылғы 53,3%-дан 2025 жылы 80%-ға дейін арттыру.
2025 жылы 1000 тірі туғанға шаққанда 7,2-ге дейінгі нәресте өлімі
2025 жылы 100 мың тірі туғандарға шаққанда ана өлімі 10,0-ға дейін
2025 жылы денсаулық сақтаудағы негізгі капиталға инвестициялар 2019 жылғы деңгейге қарағанда нақты өсімнің 372,2 %-ына дейін жеткізу
Қанша қаржы жұмсалады?
Жобаны іске асыруға 3,6 трлн теңге бөлінеді деп жоспарланған.
Денсаулық сақтау саласындағы жалпы шығыстардың ЖІӨ-ден үлесі 5%-ға дейін артады.
Дәрігерлердің орташа жалақысы 2023 жылға қарай 2,5 есе өседі.
Университеттік ауруханалар салынады
Ведомство ұлттық жобаның шеңберінде елдегі 5 медициналық ЖОО-ның жанынан университеттік ауруханалардың құрылысын салуды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе мен Нұр-Сұлтанда бой көтереді деп күтілуде.
Сонымен қатар Түркістан, Петропавл мен Көкшетау қалаларында 3 көпсалалы аурухана салынады. Оның құрылысы жобаны іске асырудың бірінші кезеңінде, демек, 2025 жылға дейін жоспарланған.