Дені сау балалармен қатар болу үшін үш есе көп жұмыс істеу қажет – "Бала дауысы" финалисінің анасы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Бала дауысы" ұлттық ән байқауының төртінші маусымының финалында екінші орынды иеленген 13 жастағы Альфия Тілекқабылды туыстары мен достары қарсы алды. Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Алматыда "Бала дауысы" ұлттық ән байқауының төртінші маусымының финалы аяқталды.
Байқау Қазақстанның оңтүстік астанасында 25-27 қазан күндері Республика Сарайының сахнасында өтті. Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен келген 17 бала қатысты. Олар байқауға арнайы жазылған авторлық балаларға арналған әндерді орындады.
Байқау нәтижесі бойынша, ақтаулық жас әнші Динара Қаржаубай жеңімпаз деп танылса, екінші орынды атыраулық жұлдыз Альфия Тілекқабыл жеңіп алды. Жақында 13 жасқа толған Альфия "Аққу Арманы" атты жаңа авторлық әнімен алғашқы алтын дискісін сыйлық ретінде алды.
"Осы жылдың сәуір айында мен байқаудың облыстық кезеңінен өттім. Онда менімен бірге Атырау облысынан 200 жас орындаушы қатысты. Бірақ, өз өңірімнің намысын үлкен сахнада қорғауға мүмкіндік алдым. Мен 2-орынды иеленгенім үшін еш өкінбеймін. Өйткені, мен үшін үлкен тәжірибе болды. Енді мен өзімнің болашағымды музыкамен байланыстыратыныма сенімдімін",- дейді Альфия Тілекқабыл.
Альфия -" Мелодия" театр студиясының оқушысы, екі жыл бойы мұғалімі Аня Цатинианның басшылығымен вокалмен айналысуда. Байқауда Альфиямен бірге белгілі қазақ әншісі Динара Сұлтан ән шырқады. Альфияның ерекше қабілеттілігі бар. Бала кезінен көзі көрмесе де, керемет есту қабілеті мен әсем дауысы бар.
"Дені сау балалармен қатар өнер көрсету үшін үш есе көп жұмыс істеу қажет. Бұл өте қиын, бірақ біз тырысудамыз. Байқау жоғары деңгейде өтті. Балалар 11 қазаннан бастап жұлдызды үйде болды, онда тәжірибелі ұстаздар мен шеберлер олармен жұмыс істеді. Альфия бірден эстрада жұлдыздарымен кездесіп, үлкен шабыт пен көптеген жағымды эмоциялар алды. Біздің қызымыздың болашағы әлі алда, сондықтан екінші орын келесі жеңістерге деген ынталандыру",- дейді анасы Жанаргүл Нығметова.
Айта кетейік, Альфия тек вокалмен ғана емес, сонымен қатар фортепианода кәсіби түрде ойнайды. Отбасында кенжесі, Альфияның үш үлкен ағасы бар.