Денге безгегі дендеп барады

Әлемде денге безгегі тез тарап барады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Биыл Оңтүстік және Солтүстік Америкада ауруды жұқтырғандар саны 10 миллионға таяп қалды. Бұл былтырмен салыстырғанда, 2 есе көп. Әдетте індет оңтүстік-шығыс Азияда, Африка мен Кәріб бассейні елдерінде кездесетін. 

Бірақ кейін Еуропада да жылдам тарап барады. Сарапшылар оған климаттың өзгеруі себеп дейді. Өйткені жаһандық жылынудан біраз өңірде ауруды тарататын масалардың көбеюіне қолайлы жағдай туындаған. Жалпы, безгекті жұқтырған адамның денесі қалтырап, басы мен буындары ауырады, жүрегі айнып, үсті-басы бөртіп кетеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы