Денесінің 95%-ын күйік шалған: Петропавлда зауыт жұмысшысы ауруханаға түсті
Оқиғаның себептері әлі де анықталып жатыр.
Оқиға 8 шілде күні таңертең «Вайк Групп» ЖШС асфальт-бетон зауытының аумағында болған. Қазіргі уақытта кәсіпорын қызметкері ауруханада жатыр.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, битумды қыздыруға арналған майдың тұтануы салдарынан кәсіпорын аумағында өрт шыққан.
Өрт салдарынан 1975 жылы туған ер адам термиялық күйік алды. Зардап шегуші медициналық мекемеге жеткізілді, – деп толықтырды ТЖД өкілдері.
Дәрігерлер ер адамның жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр.
Диагнозы: бүкіл дене бетінің II–IIIАБ дәрежелі термиялық жалын күйігі (95%), III дәрежелі күйік шогы. Пациент жансақтау бөлімінде жатыр, – деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасынан.
Сонымен қатар, 20 шаршы метр аумақты шарпыған өрт толықтай сөндірілді. Оқиғаның нақты себептері әлі де анықталып жатыр.
Өртті сөндіруге ТЖД-ның 14 қызметкері мен 6 техникасы жұмылдырылды.
Еске салайық, бұған дейін Қостанайдағы кәсіпорында жұмысшы әйел қолынан айырылды.
- Қазақстандық триатлоншылар Азия кубогінде төрт медаль жеңіп алды 14:48
- Ақмола облысында бір тәулікте 100 гектарға жуық жер өртенді 14:13
- Маңғыстауда мұнай кен орнында резервуарды тазалау кезінде өрт шықты 13:49
- Иран Ормуз бұғазын ашу үшін АҚШ-қа қатаң талап қойды 13:17
- Қытайдағы алау мерекесінде 16 адам күйіп қалды 12:49
- 9 тамызға арналған валюта бағамы жарияланды 12:09
- Индонезияда ірі орман өрті шықты: ұлттық парк жабылды 11:55