Денесін найзағай тесіп өткен 19 жастағы жігіт жұртты таңғалдырды
Балық аулап жүрген жасөспірімді найзағай соғып, ауыр жарақат алған.
Оқиға АҚШ-тың Техас штатында болған. 19 жастағы Хантер Вайч балық аулап жүрген кезде найзағай оның іш тұсына түсіп, ауыр жарақат алған.
KPTV телеарнасы таратқан мәліметке сәйкес, АҚШ-та жасөспірім найзағай соққысынан аман қалып, медициналық көмек алғаннан кейін небәрі 10 сағат өткен соң қайтадан балық аулауға барған.
Оқиға Техас штатында болған. 19 жастағы Хантер Вайч Джаспер қаласындағы су қоймасының жанында анасымен бірге балық аулап жүрген. KPTV мәліметінше, оқиға кезінде ол ағашқа сүйеніп тұрған.
Вайч журналистерге есінен танып қалған сәтін найзағай түсер алдында ғана сезгенін айтқан. Оның сөзінше, найзағай соққысы жігітті басқа ағашқа қарай лақтырып жіберіп, салдарынан ауыр жарақаттар алған.
Соққы ішімнен өтіп, аяғыма дейін жетіп, табанымның жоғарғы жағынан шыққандай болды, – деді ол.
Жасөспірім есін жиған кезде аяқтарын сезбей қалғанын және оң аяғын мүлде қозғалта алмағанын айтты.
Вайчтың денесінде күйік іздері мен бет аймағында көптеген жарақат анықталған.
Негізі ағаш жарылған кезде ұшқан сынықтар үстіме жауып жатты. Бетіме солар тиді. Терімнің ішінде әлі күнге дейін ұсақ тікенектер мен ағаш сынықтары қалып қойған, олар терең кіріп кеткен, – деді жасөспірім.
Ауыр жарақат алғанына қарамастан, ол ауруханада шамамен 10 сағат қана болған. Келесі күні қайтадан оқиға болған жерге барып, тағы да балық аулауға шыққан.