Қарағанды облысында 3 жасар қыздың денесі табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәтпаев полициясы 34 жастағы келіншекті ұстады. Оған 3 жасар қызын пышақтап тастады деген айып тағылып отыр.
27 қараша күні сағат 15:00-де Сәтпаев қаласының полиция бөліміне 43 жастағы тұрғын қоңырау шалып, пәтерінде пышақ жарақатын алған 3 жасар сәби жатқанын хабарлаған. Жедел-іздестіру тобы оқиға орнына барып, аталған фактіні растады, - деді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Полицейлер пәтерге барғанда, онда пәтер иесі мен сонда тұрып жатқан ер адам болған. Ер адам полицияға хабарласқан. Екеуі де мас болған.
Тергеу барысында әйел адам қамауға алынды. Полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-тармағы ("Адам өлтіру") бойынша тергеу амалдарын бастады.
Бұл бап бойынша 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Істің мән-жайы тергеу барасында анықталатын болады. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Депутат: "Бір терезеден" – "бір өтінім" қағидатына көшеміз
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы