Демократияның орнына хайпократия келді – Дана Нұржігіт

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенттің Жолдауында осынау қиын сынақ кезеңінде біз ең басты ұстанымдарымызды жоғалтпауымыз керектігі айтылды. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дана Нұржігіт пікір білдіру кезінде айтты.

Алдымен санамызда серпіліс болуы керек. Бастысы, осынау сынақ кезеңде біз ең басты ұстанымдарымызды жоғалтпауымыз керек. Басты мақсаттарымызды жоғалтып алмауымыз керек. Қазір демократияның орнына хайпократия келді. Жаңа оны Президент те айтып өтті. Міне, сол хайпократияның жолында, жетесінде кетпей, өзіміздің басты мақсатымызды жоғалтып алмауымыз керек, - дейді депутат. 

Сонымен қатар, Жолдауда алдағы уақытта атқаратын жұмыс өте көп екені айтылғанын, барлық сала өзгеріске ұшырайтынын жеткізді. 

Біз заманымызбен бірге жүріп отыруымыз керек. Қазір пандемияның кесірінен мүлгіп, ұйқыдан оянған сияқтымыз. Өйткені өмірдің барлық саласындағы кемшін тұстар айқын көрінді. Соның бәрін орнына келтіріп, реттейтін басқа адамдар емес, өзіміз. Нәтиже беретіндей жұмыс істеу үшін халық пен билік бір болуы керек. Сондықтан өзін-өзі басқару жүйелері, мемлекеттік аппараттың әрекеті шұғыл болуы керек. Бәрі ашықтық негізінде, бәрі заңды тұрғыда шұғыл жасалатын бүгінгі әрекеттерге дайын болуымыз керек, - дейді Дана Нұржігіт.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы