Демократияландыру – уақыт талабы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері, саяси ғылымдарының докторы Ерболат Сейлеханов мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында «Халық бірлігі – жаңартылған Қазақстанның негізі» атты баяндамасында елдің одан әрі дамуы үшін экзистенцоналдық тақырыптарды көтерді. Маңыздыларының қатарында – конституциялық өзгерістер, институционалдық жаңалықтар, мемлекеттілікті нығайту шарттары, қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігі бар. Президент ұсынған ұсыныстар ел басшылығының Қазақстанның орнықты мемлекеттік дамуы мен тәуелсіздігін қамтамасыз етудің негізгі факторлары ретінде демократияландыруға, бейбітшілікті, халықтың бірлігі мен әл-ауқатын нығайтуға бағытталған стратегиялық бағытты ұстануының айқын айғағы болып табылатынын атап өткен жөн, - деді бас ғылыми қызметкер.
Сонымен қатар ол Конституцияға енгізілетін түзетулер мен өзгерістер халық тарапынан қолдауды қажет ететіндігін алға тартты.
Ата заңға суперпрезиденттіктен президенттік-парламенттік республикаға көшуді, тежемелік пен қарама-қарсылықтың түбегейлі жаңа моделін жасауды, ал істің мәні бойынша – жаңа саяси режимді қалыптастыруды бекемдейтін түзетулер мен өзгерістер енгізу бүкілхалықтық мақұлдауды әділ түрде талап етеді. Сондықтан осы мәселелер бойынша ұлттық референдум өткізу (1995 жылдан кейін алғаш рет) – бұл қазақстан билігінің орынды және негізді шешімі. Қазіргі референдумның Қазақстанның саяси болашағы үшін маңыздылығын ескере отырып, ел халқының осы үрдіске белсенді қатысатындығына үміт білдіргім келеді, - дейді спикер.
Мәлімдеуінше, Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылып жатқан саясатының жалғасы ретінде осы жылдан бастап ішкі қоғамдық пікірталастар мен биліктің халықпен пікір алмасуын ұйымдастыру мақсатында құрылған азаматтық қоғамның репрезентативті органы – Ұлттық құрылтайды өткізу болып табылады. Ал құрылтайдың ізашары болған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі қызметінің нәтижелеріне сүйене отырып, жаңадан құрылатын институт Қазақстанды дамытудың өзекті мәселелерін шешудің жалпыұлттық күн тәртібі мен мемлекеттік тәсілдері қалыптастырылатын аса маңызды және тиімді келіссөздер алаңына айналады деп нық сеніммен айтуға болады.
Президенттің Жаңа Қазақстан әділдіктің аумағына айналуы тиіс деген жолдауы терең қоғамдық мәнге ие. Азаматтардың саяси және экономикалық басқарудың толыққанды қатысушысы болу мүмкіндігі ретінде түсінілген әділеттілікке деген сұраныс соңғы кездегі негізгі әлеуметтік императивтердің бірі болды. Сондықтан қазақстандықтар билік ұсынған, осы маңызды саяси мақсатты іске асыруға бағытталған жаңа енгізілімдерді тұтастай және толық қолдайтынына күмән келтіруге негіз жоқ, - деп атап өтті Ерболат Сейлеханов.
Сондай-ақ Президент мемлекеттің тіл саясатына қатысты ұстанымына нақты түсініктемелер беріп, қазақстандық этностардың бірлігін, татулығын және достығын нығайтудағы қазақ және орыс тілдерінің орны мен рөлі бағаланды деп отыр.
Тілдік қағидат бойынша кемсітушілікке жол бермеу туралы мәлімдеме мемлекеттің адам құқықтарын сақтау кепілдіктері туралы месседжі, сондай-ақ өз пайдасы үшін біздің халқымызды бөлуге және Қазақстанда ұлтаралық араздықты себуге тырысатындар үшін ескерту болып табылады. Жалпы алғанда, «Жаңа Қазақстан» – бұл саяси сынақтарға арналған полигон емес, бұл нақты тексерілген, заманауи әлемдік даму мен ілгерілеу трендтеріне сәйкес келетін, оның айналасында барлық қазақстандықтар бірігуге тиіс елдің ұлттық мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған Президенттің ұстанған бағыты, - дейді саяси ғылымдарының докторы.