Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының ширек финалына шықты
Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының ширек финалына өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық балуан 77 келі салмақта белдесіп, бірінші айналымда колумбиялық Алексис Муньестен басым түсті.
Есеп - 9:0.
Енді Жадыраев Олимпиаданың ширек финалында айқасады. Демеудің ендігі қарсыласы - қырғызстандық Ақжол Махмұдов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы