Деменцияның дамуын қалай бәсеңдетуге болады? – Дәрігер кеңесі

Омега-3 май қышқылдары бар диета кейбір аурулардың, соның ішінде деменцияның дамуын бәсеңдетуі мүмкін. Бұл туралы гастроэнтеролог Светлана Ермакова Gazeta.Ru-ға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дәрігердің айтуынша, омега-3 - бұл адам ағзасында өндірілмейтін, бірақ оны белсенді түрде тұтынатын полиқанықпаған май қышқылдарының тұтас кешені. «Олардың негізгі міндеті - барлық ішкі ағзалардың жасушаларын зақымдану мен жойылудан қорғау. 

Омега-3 психикалық белсенділікке, шоғырлануға және есте сақтауға пайдалы әсер етеді, – деп түсіндірді Ермакова. – Омега-3 май қышқылдары, деп жалғастырды ол, Альцгеймер ауруы, жүрек-қан тамырлары аурулары және жүректің ишемиялық ауруларының алдын алу үшін қажет. Май қышқылдары қан тамырларының серпімділігін арттырады және тромбоз қаупін азайтады, – деп қосты Ермакова.

Омега-3 сонымен қатар қартаю процесін бәсеңдетеді, тәбетті төмендетеді және аштықты басады, қуаныш гормонының метаболикалық процестеріне қатысады, эмоционалдық стрессті төмендетеді. Сонымен қатар, олар иммундық жүйеге инфекциялармен күресуге көмектеседі, иммунитет тапшылығына, сондай-ақ ревматизм, астма және Крон ауруы сияқты аутоиммунды ауруларға профилактикалық әсер етеді, – деп қорытындылады гастроэнтеролог.

Бұған дейін гинеколог-эндокринолог Евгения Назимова дене шынықтыру деменция қаупін азайтуға көмектесетінін айтқан болатын. Ол қозғалыс қан айналымын жақсартып, ми жасушалары көбірек оттегі алатынын түсіндірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы