Демалыста күн райы қандай болады
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 10-12 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10-12 тамыз аралығында еліміздің көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр, найзағай, қатты жел, бұршақ жауады. Қатты жаңбыр 10, 12 тамызда солтүстік-батыста, 10 тамызда орталықта, 10-11 тамызда шығыста, 11 тамызда оңтүстік-шығыста болады деп болжануда. Республика бойынша жел күшейеді деп күтілуде.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы күндіз еліміздің батысында +20+30°С дейін, солтүстік-батысында +15+28°С дейін, солтүстігінде +15+25°С дейін, еліміздің шығысында және орталығында +17+28°С дейін біртіндеп төмендеуі болжанад. Оңтүстік шығыста күндізгі уақытта +35 + 38°С қатты ыстық сақталады, Қазақстанның оңтүстігінде +30+37°С күтіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Отандық әуекомпания кішкентай жолаушыдан кешірім сұрады
Өзгелердің жаңалығы