Демалыста күн райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 21-23 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

21 желтоқсаннан бастап Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны әсер етеді. Қар, бұрқасын және екпінді жел болады. Тек еліміздің батысында 23 желтоқсанда жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болады. 21 желтоқсанда күндіз Павлодар облысында, 22 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қатты қар жауады. 23 желтоқсанға жақын, Батыс антициклонының жылжуымен еліміздің оңтүстігінде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов -архив
Өзгелердің жаңалығы