Демалысқа кеткен Ресей Думасы шұғыл жиналды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің Мемлекеттік Дума төрағасы Вячеслав Володин Украинамен қарым-қатынастың Ресей үшін маңызды екенін айтты.

Ресей Украинаның тату көрші болатынына, ал орыс халқының өз жерінде бейбіт, еркін өмір сүретініне, олардың заңды мүдделері құрметтеліп, қамтамасыз етілетініне әрқашан үміт артқан, - деді Луганск Халық Республикасы Халықтық Кеңесінің депутаттары алдында сөйлеген  Мемлекеттік Думаның төрағасы Вячеслав Володин.

Оның атап өтуінше,  Киевпен көптеген мәселелер бойынша кездесу өткізілген. Кездесулер  энергиямен жабдықтауға, өнеркәсіптік кооперацияға, тікелей қаржылық-экономикалық көмек пен қолдауға қатысты болған.

Володинның сөзінше, жағдай басқаша өрбіген. Айтуынша, Батыс елдері Ресеймен күресу үшін екі ел арасында қақтығыс тудырып отырған.  

Осындай жағдайларда Қырым мен Севастополь, сондай-ақ Донецк және Луганск халық республикалары өз тағдырын өзі шешуге толық құқылы және Киевтің қылмыстық режимінің билігінен шығуға және олардың болашақ тағдырын өз бетінше шешуге барлық негіздерге ие болды, - дейді Вячеслав Володин

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы