Демалыс-2021. Қазақстандықтардың сүйікті курорттарының бірінде демалу үшін не қажет?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алакөл - Қазақстандағы Алматы және Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан тұйық көл, Қазақстандағы ең ғажайып көлдердің бірі.
Сонымен қатар аумағы 20 мың гектардан асатын бұл өлкеге денсаулығын түзеткісі келетіндерден басқа, теңдесі жоқ көлде шомылу мен балық аулағанды ұнататындар барады.
Жалпы, Алакөл - емдік қасиеті өте мол ағынсыз су қоймасы.
Елдегі танымал курортта демалуға шешім қабылдаған қазақстандықтар нені білуі керек?
Алакөлде демалу үшін ПТР-тест тапсыру керек пе?
Алакөлде санитарлық дәрігердің бұйрығын бұзбай демалудың бірнеше жолы бар.
Біріншіден, туристік аймақтарға Ashyq қосымшасы арқылы кіруге болады. Егер сізде «қызыл» (covid-19 ауруы бар) немесе «сары» статус болса, онда сізді демалыс аймағына жібермейді. Егер статус «көк» немесе «жасыл» болса, онда сізге еш кедергі болмай, жоспарлаған демалысыңызды керемет өткізе аласыз. Егер телефонда мобильді қосымша болмаса, онда тексеріп отырған адамға өзіңіздің ЖСН-ді айтып, сол арқылы сіздің статусыңызды тексеріп бере алады.
Тағы бір жолы ол алдын ала ПТР тест тапсыру. Теріс нәтижесі бар ПТР тестіңіз болса, демалыс аймаңына еркін кіре аласыз. Бес жасқа дейінгі балалар тест тапсырмайды.
Егер сіз вакцина салдыртқан болсаңыз, вакцинация паспортын көрсетуге болады, ол адамның препараттың екі компонентін алғанын растайды.
DamuMed медициналық сервисінен еңбекке уақытша жарамсыздық парағының көшірмесін немесе түпнұсқасын (қағаз немесе электрондық түрде) ұсынуға болады.
Шығыс Қазақстан облысы санитарлық дәрігерінің 23 мамырдағы қаулысын мына жерден оқуға болады.
Алакөлге ұшақпен қалай жетуге болады
Үржар әуежайы (ШҚО) ұшу-қону жолағын қайта жаңартуға жабылған.
Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, күн сайын Талдықорған-Үшарал-Талдықорған, Нұр-Сұлтан-Үшарал-Нұр-Сұлтан және Алматы-Үшарал-Алматы бағыттары бойынша әуе рейстері бар.
Нұр-Сұлтаннан Үшаралға дейінгі билет бағасы 16 мың теңге (алдын ала сатып алған жағдайда, егер демалыс уақытына жақын күндерді не сол күндерді қарасаңыз онда билеттің бағасы қымбатырақ шығады).
Талдықорғаннан Үшаралға дейінгі билет бағасы 8 мың теңге. Балаларға арналған билет - 4 мың теңге.
Талдықорған-Үшарал-Талдықорған бағыты бойынша кестені әуежай сайтынан көруге болады.
Анықтама телефоны: 8(7282) 41-23-45,40-25-16.
Талдықорған қаласындағы Касса: 8 (7282) 41-60-56.
Үшарал қаласындағы Касса: 8 7283 33 48 20.
Алакөлге пойызбен қалай жетуге болады
Алакөл курорттық аймағы бағытындағы қосымша пойыздар кестесі:
17 маусымнан бастап Семей - Достық қатынасындағы №457/458 пойыз (күнара). Семей станциясынан тақ күндері, Достық станциясынан жұп күндері жүреді;
17 маусымнан бастап Өскемен-1 - Достық қатынасындағы №459/460 пойызы (күнара). Өскемен-1 станциясынан тақ күндері, Достық станциясынан жұп күндері жүреді;
20 маусымнан бастап Нұр-сұлтан-1 - Достық қатынасындағы №257/258 пойызы аптасына екі рет, жексенбі және бейсенбі күндері Нұр-Сұлтаннан, дүйсенбі және жұма күндері Достықтан жүреді
Қазір жүріп-тұрған пойыздардың кестесі:
Курорттық аймақ бағытында аптасына 2 рет жиілігімен қатынайтын №54/53 «Нұр-Сұлтан – Достық» пойызы, сондай-ақ жазғы кезеңде құрамында «Нұр – Сұлтан-Достық» тіркемелі вагоны бар №121/122 «Нұр-Сұлтан-Семей» пойызы, №6941/6942 «Ақтоғай-Семей» пойызына Ақтоғай станциясында қайта тіркелетін № 21/22 «Қызылорда-Семей» пойызы құрамындағы «Алматы-Достық» қатынасындағы тікелей вагон бар.
Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық анықтамалық ақпаратты «105» нөмірі арқылы алуға болады.
Пойызбен Жалаңашкөл станциясына дейін жетіп алып, содан кейін бір адамға шамамен 2 000 теңгеге таксимен жағалауға жетуге болады.
Алакөлге автобуспен қалай жетуге болады
Шығыс Қазақстан облысы жағынан демалыс базалары Қабанбай ауылының жанында орналасқан.
Алматы облысы жағынан көптеген демалыс базалары Ақши және Көктұма ауылдарының жанында орналасқан.
Алматыдан «Сайран» автовокзалынан Алматы-Үшарал бағыты бойынша сағат кешкі 20:45 және 21:00-де екі автобус қатынайды. Үшаралдан демалыс базаларына дейін шамамен 2000-2500 теңгеге (толық салон үшін 10 мыңға жуық) таксимен жетуге болады.
Жазда Ақши және Көктұма ауылдарына күнделікті автобустармен жетуге болады, жол жүру уақыты – шамамен 12 сағат. Алматыдан шығу: Байтұрсынов бойынша Абай мен Сәтпаев арасында сағат 20:00 - де (қонақ үйге қарама-қарсы тұрақ алаңы).
Автобустар (отырып барасыз, орындық арқалығы біраз шалқаяды)
Алматы-Алакөл көлі (оңтүстік жағалауы): 10.06, 17.06, 24.06, 25.06, 27.06. 30 маусымнан бастап күн сайын 22.08, 26.08, 27.08, 28.08
Алакөл көлі (оңтүстік жағалауы) – Алматы: 13.06, 20.06, 27.06, 28.06, 30 маусымнан бастап күн сайын 23.08, 29.08, 30.08, 31.08
Билет бағасы: 12 мың теңге (ересек адам), 11 мың теңге (12 жасқа дейінгі балалар, зейнеткерлер). Бір бағытқа билет сатып алғанда 50% төленеді.
Жатын орындары бар автобуста:
Алматы-Алакөл көлі (оңтүстік жағалауы): 10.06, 17.06, 24.06, 25.06, 27.06, 30.06 бастап күн сайын 22.08, 26.08, 27.08, 28.08 дейін
Алакөл көлі (оңтүстік жағалауы) - Алматы: 13.06, 20.06, 27.06, 28.06. 30.06 бастап күн сайын 23.08, 29.08, 30.08, 31.08 дейін
Билет бағасы: 16 500 теңге (ересек адам), 15 500 теңге (12 жасқа дейінгі балалар, зейнеткерлер). Бір бағытқа билет сатып алғанда 50% төленеді.
Алакөлде демалу: тұратын жеріңіз және жағажайлар
Алакөлде көптеген демалыс орталықтары мен қонақ үйлер өз қызметтерін ұсынады. Жарбұлақ кентінде (ШҚО-Семей жағынан) екі адамға бес күнге 7 000 теңгеден бастап, Көктұма кентінде бір адамға үш күнге 16 800 теңгеден бастап, Қабанбай ауылында тамақтануды қоса алғанда, үш күнге 22 мыңнан бастап табуға болады. Бағалар қызметтер пакетіне және келу уақытына байланысты өзгереді. Көп адам еңбек демалысан шілде айында шығады. Сол себепті бағалар да қымбаттай бастайды. Ол тұратын қонақ үй де тамақтану қымбаттайды. Сондықтан ертерек броньдау қызметін қолданған дұрыс.
Алакөлдегі жағажайлар тасты, шунгиті көп. Алакөлдің емдік қасиеті бар. Буындары сырқырап, қақсаған адамдар ем іздеп келеді.
Қазақстандықтар арасында Алакөлде балшықпен емдеу аса танымал. Қонақ үй сайттарында сіз балшықтың құрамында хлорид-натрий тұздары мен пайдалы минералдар бар екендігі туралы ақпаратты таба аласыз.
Балшықты кез келген ауруды емдеу үшін қолданбас бұрын дәрігермен кеңесіп алғаныңыз жөн.
Ескерту: ақпарат ашық көздерден алынған. Кестені, ұшақ, пойыз, автобус билеттерінің құнын кассаларда нақтылап алыңыз.