Демалыс маусымында Алакөлдің жағасы қоқысқа толып кетті

Ақши елді мекеннің іргесінде жатқан Алакөл көліне демалушылардың саны күннен күнге артуда. Әйтсе де атақты жағалауда гигиеналық жұмыстар қолға алынған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алакөлдің жағасы қатты қалдықтарға толып тұр. Көлемі шағын ғана қоқыс жәшіктері ернеуінен асып, далада шашылып отыр. Оны жинауға әрекеттенген ешкім жоқ. 

Демалушылар жағалаудың сонша ластанғанына қапалы. Қасиетті көлді мұнша қорлаған халықтың әрекетін ақтауға келмейді. Дегенмен туризмнің бір нысанына айналған аймаққа тазалау жұмыстарын жүргізу жергілікті биліктің міндеті еді. Оны ешкім ескеріп жатқан жоқ.

Бөтелке, темекінің тұқылы, салафан, тамақтың қалдығы әр жерде шашылып жатыр. Қоқыс жәшігі аз. Оның өзі кіп-кішкентай, халық қарақұрым, оның бәрі алыстағы жәшікке апаруға ерінеді. Кешке таман көлдің жағалауына міндетті түрде тазалау жұмыстарын жүргізу керек. Бұлай жалғаса берсе көлдің шипасы кетеді. Таңда көлге барсаңыз, жаман иіс шығады. Отыру мүмкін емес. Қоқыс жәшіктерінің маңайынан өте алмайсыз, - дейді демалушы Айгерім Сағымбекова.

Маусым ашылғаннан бері көлге келген демалушылардың саны 1 млн жуықтаған. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, демалушылардың ешқандай арыз түспеген. Келер жылы инфрақұрылым жұмыстары біртіндеп жандана бастайды. Ал тазалау жұмыстарын қолға алатын болады.

Иә, халық көп болғандықтан қоқыста көп. Демалыс орындары жекеменшік. Оны сол орынның иесі жауапкершілікке алады. Біз Ырғайты ауылдық огругінің әкіміне ескертеміз. Алдағы уақытта қолға алады, - дейді Алакөл ауданының әкімінің баспасөз хатшысы Айжан Мұрат.

Өңірде «Таза Қазақстан» акциясы қарқынды дамып жатыр. Сол белсенді жұмысты Алакөлде де жалғастырса игі болар еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы