Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 26-28 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

"Белсенді циклондар Батыс Сібір арқылы үлкен жылдамдықпен өтіп, ал онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның солтүстік жартысының кей жерлерінде жауын-шашын және желдің күшеюін әкеледі. Республиканың оңтүстік жартысында ауа райын бұрынғыдай антициклон анықтайды, сондықтан аздаған бұлтты және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі", - делінген хабарламада. 

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың батыс және солтүстік облыстарында батыс ағымдарымен Атлантикадан жылы және дымқыл ауа массаларының жылжуымен ауа температурасының климаттық нормадан 6…11°С жоғары болса, алдағы демалыс күндері жылу Қазақстанның қалған территориясына тарайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы