Демалыс күндері Жерде магниттік дауыл болады

Астрономдар 13 шілдеден 14 шілдеге қараған түні G1 деңгейіндегі магниттік дауыл күтілетінін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

РҒА күн астрономиясы зертханасының болжамына сәйкес, күн шабуылы түн жарымында басталып, таңғы сағат 6-7-ге дейін созылады, одан соң басылады. Жер магнитосферасы тыныш күйге түседі. Алайда 4 және 7 тамыз күндері тағы да магниттік тербелістер болады.

Ескертетін жайт, түнде және таңертең ертемен метеосезімтал адамдар жайсыздықты сезінуі мүмкін. Әдетте бұл өзін-өзі жайсыз сезіну, бас ауруы мен тітіркенгіштік ретінде көрініс табады.

Дәрігерлер сақтық шараларын қолға алуды ұсынады. Ол үшін физикалық және миға жүктемені азайтып, стрестік жағдайлардан өзін аулақ ұстап, толыққанды демалысты қамтамасыз ету керек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы