Демалыс күндері жауын-шашынды болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге, 30 сәуір мен 2 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.  

Алдағы демалыс күндері ел аумағының басым бөлігі биік циклон жырасының ықпалында болады, ауа райының құбылмалы сипаты сақталады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, 28 мамырда солтүстікте, орталықта, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста нөсер болып, дауыл тұрып, бұршақ жауады. 

Түнгі уақытта елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында 2 градус аяз болады.

Елдің батысында ғана Батыс антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Республика бойынша жел күшейеді. Келесі аптаның басында республиканың басым бөлігінде күн ысиды. Елдің батысында, солтүстік-батысында 25-30-ға дейін, оңтүстігінде – 33, солтүстігінде – 23-28-ге дейін, орталығында-25-30-ға дейін ыстық болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы