13 Желтоқсан 2021 2021, 13:38
Демалыс күндері қандай ауа райы болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 14-16 желтоқсан аралығындағы ауа райы болжамын ұсынады.«Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн райын, солтүстік-батыс антициклоны айқындайтын болады. Оның әсерінен температура төмендеп, жауын-шашын тоқтайды.Республиканың оңтүстік өңірлері әлі де циклондардың фронталды аймағында болады — мұнда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ, тұман болады. Алайда кезеңнің соңына қарай солтүстік-батыс антициклон осы өңірлерді де қамтиды. Осыған байланысты мұнда да температура төмендеп, жауын-шашын тоқтайды.Мереке қарсаңында батыс өңірлерге Скандинавия аймақтарынан циклон жырасы әсер ете бастайды. Жауын-шашын, көктайғақ болады.